Демалып жүрміз бе әлде тұншығып жүрміз бе?

Вы здесь: Главная / Демалып жүрміз бе әлде тұншығып жүрміз бе?

IMG_9749Дүние жүзі COVID-19-бен және оның салдарымен күресіп жатқанда, бізге адам жасаған өте қауіпті «қылмыскер» – лас ауа шабуыл жасап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау бөлімшесінің санауы бойынша лас ауа салдарынан жыл сайын 7 миллионнан астам адам қайтыс болады.

Ауа ластығынан болған өлімнің 90 пайызы ораташа және төменгі айлық көрсеткіштері төмен мемлекеттерде орын алуда. Бірінші орында Африка мен Азия елдері, содан кейін орташа және төменгі айлығы төмен аумақтардың бірі Шығыс Жерорта теңіз елдері, Еуропа және Америка. Орталық Азия елдері ең лас, адам өміріне қауіпті жерлердің біріне айналып келеді.

Бұл ақпарат – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тұрғындарының қандай ауамен тыныстап, неден аурыратындығын анықтау үшін жасалған.

ҚАЗАҚСТАН

Көптеген жылдар бойы Қазгидрометтің нақты ақпараты бойынша Алматының ауасы «жоғары дәрежеде ластанған» деген көрсеткішке ие.

РШК-артуы – тұрақты түрде осындай ластаушы заттармен белгіленеді: азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, формольдегид, салмақты бөлшектер (ұсақ шаң – PM2.5, PM10).

Алматылықтардың жалпы ауруы мемлекет бойынша орташа деңгейден асып кетеді, мысалы: тыныс жолдары аурулары – 1,2 есе, қан айналым жүйесі — 1,2 есе, эндокриндік жүйе аурулары – 1,4 есе, жаңа өскіндер – 1,5 есе.

Ауа ластануының халық денсаулығына әсері әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ.

Алматы атмосферасында ластану көзі негізгі 3 топқа бөлінеді:

  • Өндіріс мекемелері (АлЭС ТЭЦ – 1, (ТЭЦ – 2 және ТЭЦ – 3 жыл сайын үш миллион тонна көлемінде күл араласқан көмір жағады), «КазФерроСталь», «АлматыГазМонтаж», Алматы халықаралық әуежайы және т.б.);
  • Автокөлікті транспорт (2020 жылдың басында Алматы қаласында 540 мыңнан астам автокөлік тіркелген, қалаға күніне 100 мыңнан кіреді және ауаны жоғары көлемдегі улы газбен түтінге толтырады, себебі олар сапасы төмен жанармайды пайдаланады).
  • Жеке үйлерді жылыту жүйесі.

Осы уақытқа дейін ауа атмосферасының ластану көзі туралы нақты мәлімет жоқ.

Қаланың географиялық орналасуы тау етегінде, шұңқырда болғандықтан және ретсіз салынған құрылыстардың әсерінен желдетілудің нашарлығы лас ауаның сейіліп кетуіне кедергі жасап, жағдайды күрделендіре түседі.

Ағаштарды көптеп кесу, ашық топырақтардың шаңдануы және де басқа факторлар ауа сапасының бұзылуына қосымша кері әсер етеді.

AH2A4566 - копияЛас ауа және алматылықтар

Жәмилә 30 жаста. Ол Алматыда туып-өскен. Ауа ластануын ол студент кезінде байқаған. 3 жыл бұрын, 2017 жылы Жәмиләның денсаулығы сыр бере бастады. Оны жөтел, қырыл және демікпе мазалайтын болды. Тыныс жолдары және өкпе ауруларының тексерінен кейін оған аллергиялық бронхты демікпе қойылды. Астма – тыныс жолдары тарылып, қабынатын, сол арқылы адам қиналып тынысы тарылатын – созылмалы ауру. Астма өте қауіпті инфекциялық ауру қатарына жатады, ол жазылмайды.

2016 жылғы ВОЗ есебі бойынша астмадан 339 миллионнан астам адам ауырға. Бұл балалар арасында кең таралған созылмалы ауру. Астманың ең басты себептерінің бірі – ауаның ластануы.

Жәмилаға «астма» диагнозы қойылғаннан кейін өмірі қатты өзгерді. Ол спортпен айналысудан, газы бар жерге барудан қалды. Ол airkaz.org. сайты арқылы ауа сапасы туралы ақпараттарды іздестіре бастады. Табылған ақпараттарға байланысты бұрын қарапайым болып көрінген қағидаларды орындай бастады (терезені ашу, таза ауаға шығу, бөлмені желдету және т.б.). Үйге ауа тазартқыш сатып алуға тура келді. Жәмиланың қол сөмкесінде үнемі дәрі-дәрмек жүретін болды. Жағдайын жақсарту үшін ол күнделікті кортикостероид ингаляциясын жасайды.

Жаз соңында мен тағы қиындыққа душар болдым. Карантин кесірінен Алматыда астмаға күнделікті қажет дәрілер тапшы болып кетті. Бұл мен үшін үлкен соққы болды: күнделікті дәрі қабылдай алмайтын болдым, жиі ұстайтын жөтел мен тұншығу приступтарын басу мүмкін болмады, ауыстыратын жаңа дәрілер іздеуге тура келді, – дейді Жәмила.

Жәмилә тауға жиі шығатын болды, себебі, тауда ауа қалаға қарағанда әлдеқайда таза болатын. Жәмилә тауда жеңіл демалатын, тауда жүргенде жөтел мен тұншығу мазаламайтын.

Қалада приступтар қыста да жазда да бола береді. Әсіресе аллергия уақытында. Көптеген ғылыми мақалаларды оқи отырып, Жәмилә бронхиалды астманы қоздырушы күшті аллергендердің бірі күкірт диоксиді екенін білді.

 

Осы да мәселе ме?

Қалалықтар да эксперттер де ең алдымен қала билігінің міндеті – мәселені мойындау деп есептейді. Ұзақ уақыт бойы қала шенеуніктері Алматыда ауаның ластануы өте күрделі мәселе екенін мойындамады.

«Қала ауасы әрине таза емес, бірақ мен бұл өте сұмдық жағдай деп есептемеймін» деді 2015 жылы әкімдік өкілі.

Almaty urban air сайтындағы қосымша шыққаннан кейін шенеуніктер олай айтуды қойды, алайда ауаны тазарту үшін ешқандай шара осы жылдар бойы қолға алынбады. Аналитикалық Finprom.kz2019-2020 порталының анықтамасы бойынша Алматыда қоршаған ортаны қорғауға ешқандай қаражат бөлінбеді. Қалаға бүгінде сапалы, сенімді, анық және қолжетімді ауа сапасын бақылайтын жүйе өте қажет.

Ауа сапасын жақсартуға арналған өлшегіш индикаторы бар және уақытымен қаржыландырылған мемлекеттік бағдарлама аса қажет.

Қоғам бұндай бағдарламаны іске асыруға көмектесуге дайын.

«Таза ауа» тәуелсіз эксперт тобы 2020 жылдың басында өздерінің ұсыныстарын әзірлеп, Алматы әкімшілігіне жолдады.

Белсенділер не ұсынады?

Тәуелсіз қоғамдық экобақылау Алматыда бес жыл бұрын құрылды. 2015 жылы ОФ Common Sense Almaty Urban Air сайтындағы қосымшасын құрып, жолдады. (Ол ауаның ластануын майда дисперсті шаңымен қоса көрсетеді). 2017 жылы Airkaz.org. сайты пайда болды, ол 15 датчикпен Алматы және 9 қаладағы ауа тазалығын концентрациясы туралы ақпаратты көрсетеді: Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Қарағандыда, Павлодарда, Петропавловскіде, Таразда, Теміртауда, Өскеменде және Бішкекте (Қырғызстан).

2020 жылдың ақпанында AUA Group және басқа мекемелердегі экология белсенділері Алматы әкіміне ашық хат жолдады, онда ауа ластануын қаланың басты мәселесі ретінде мойындап, оны шешу талап етілген. Хатқа 20 мыңнан астам қол қайған. 2020 жылдың 8 қыркүйегінде жаңа ұлттық қор есебінен ГазТЭц-ін салуды талап еткен тағы бір петиция (өтініш) пайда болды.

Эксперт ұсыныстары: 

  • Алматының ауасын жақсарту үшін байыпты саяси шешім керек.
  • Көмірден толық қол үзіп, альтернативті жылытуға (табиғи газ) көшу керек.
  • 2 көмір ТЭЦ-ін газға ауыстырып немесе жаңа газ электростанциясын модернезациялау керек.
  • Қала және қала маңындағы елді мекендердегі барлық жеке секторды газбен жылытуға көшіру керек, көмір және отын жағуға тиым салу керек және жағдайы нашар отбасыларға көмектесетін мемлекеттік бағдарламаны іске асыру керек.
  • Қоғамдық көліктер жүйесі жақсарту және альтернативті түрлерін өркендету керек.
  • Өндірістік мекемелердің қоқыс төгуінің нормативтік талаптарын қатаңдату және мемлекеттік бақылауды күшейту қажет.

Ауа сапасы тек қала билігінің саяси шешіміне байланысты емес, бірақ біздің әрқайсымыздың күнделікті өмірде қабылдайтын шешімімізге байланысты. Осыны ұмытпаңыздар!

Демалып жүрміз бе әлде тұншығып жүрміз бе?